Қазақстандық танымал өнер жұлдыздары Бүркіт пен Аиша тағы да ата-ана атанды. Ерлі-зайыпты төртінші баласының өмірге келуімен көпбалалы отбасылар қатарына қосылды.
Бүгін әнші Бүркіт (нақ есімі – Айбек Жансейітов) Instagram парақшасында перзентханадан видео жариялап, қуанышты жаңалықты халықпен бөлісті.
Жазбада жаңа туған нәрестесін көтеріп жатқан Аишаны алыстан көруге болады. Бүркіт жазбасында былай деп атап өтті:
"Ал, Қазақ елі, сүйінші! Қызды болдым! Біздің қызымыз өмірге келді. Аллаға мың алғыс. Аиша аман! Аллаға шүкір!"
Бұл – жұлдызды жұптың төртінші баласы. Бұған дейін олар үш ұл-қыз тәрбиелеп отырған еді. Енді Бүркіт пен Аиша көпбалалы ата-ана мәртебесіне ие болды.
Олардың жанкүйерлері әлеуметтік желіде ыстық лебіздерін білдіріп, жас сәби мен отбасына бақыт тілеуде.