Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ерке Есмаханның жасөспіріммен сөйлескен сәті жұрттың наразылығын тудырды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
17.05.2025, 18:46

Танымал әнші Ерке Есмахан сахнада жасөспірім көрерменмен еркін сөйлескен сәті әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды.

azattyq-ruhy.kz

Әншінің сахнадағы әрекеті желі қолданушылары арасында дау туғызды

Видеода Ерке Есмахан көрерменге қарап, бірнеше сұрақ қояды:

"Атың кім? Ойланып істедің бе мұны? Алматыға бірге кетеміз. Мен өзіммен бірге аламын. Дайынсың ба? Сенімдісің бе? Қаншадасың? 16-дасың ба? Әлі мектеп бітірмеген екенсің ғой? Онда күтемін сені", — дейді ол.

Желі қолданушылары екіұшты пікір білдірді

Көпшілік бұл әрекетті орынсыз деп санап, сахна мәдениетіне сай келмейтінін айтып, ашық сынға алды. Пікірлер арасында былай деп жазғандар бар:

  • "Ұят екен..." 
  • "Бұл не масқара?" 
  • "Сахнада өзін ұстау керек емес пе?" 
  • "Жас бала ғой..." 
  • "Саған жасөспірімдер ұнай ма не өзі?" 

Әзірге әнші түсініктеме берген жоқ

Қазір Ерке Есмахан бұл жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Желі қолданушылары болса, танымал тұлғалардың сахнадағы әрбір сөзі мен әрекетіне мұқият болуын талап етуде.