Қазақ киносының танымал актері, "Жаужүрек мың бала" фильмі арқылы көпшілікке танылған Артур Төлепов жақында үшінші рет әке атанады. Бұл қуанышты жаңалықты жұбайы Мәдина Төлепова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Мәдина Төлепова екі баласымен түскен суретін жариялап:
"Менде сондай тамаша жаңалық бар", – деп жазды.
Суретте табиғат аясындағы пикник кезінде түсірілген сәт бейнеленген. Кадрдан болашақ ананың дөңгеленген іші анық көрінеді.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдап, жас отбасыны құттықтауға асықты. Ең алғашқы лебіздердің бірі актердің туған інісі – Асылхан Төлеповтен келді. Ол да" Жаужүрек мың бала" фильмінде басты рөлді сомдаған.
"Келін!" – деп жазып, жүрекшелі сүйіс смайлигін тіркеді.