"Өзің асыра": Нұрсұлтан Жақсыген сегіз ай бойы алимент төлемеген

Редактор Penalty.kz
21.05.2025, 14:55

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі, блогер Фариза Алмазова тың деректерді жариялады. Блогердің сөзінше, жұлдызды әке 8 айдан бері алимент төлемеген. 

elorda.info

“Әкенің орны – жездедей”

Фариза Instagram парақшасында жұлдызды актердің ұлдарына 8 айдан бері алимент төлемей келе жатқанын мәлімдеді. 

Блогердің айтуынша, ол заңды түрде арыз жазуға мәжбүр болған.
“Сот орындаушысы шақырып жатыр. 8 айдан бері балаларға арналған төлемдер жасалмады. Сондықтан құқықтық жолға жүгінуге тура келді”, – дейді Фариза.

Актердің ашық мәлімдемесі

Фариза Алмазова Жақсыгеннің жазған хатынан үзінді келтіріп, оның келешекте де алимент төлеуден бас тартатынын меңзегенін жеткізді.
“Ақша тап та, өзің асыра. Балалармен де кездесудің қажеті жоқ. Бәрібір жинала берсін. Менде екі үй бар. Сен сияқты үй-күйсіз емес. Қыз деген көп қой, таңдай саламын”, – деп жазған актер.

Қоғамдық пікір мен заң алдындағы жауапкершілік

Әлеуметтік желіде кеңінен таралған бұл жағдай қоғам назарын аударып отыр. Көпшілік Жақсыгеннің бұл әрекетін жауапсыздық деп бағалап, балалар алдындағы борыш – тек заңдық емес, адамгершілік парыз екенін еске салуда.