Қазақстанның ең танымал әйел боксшыларының бірі Ангелина Лукас әлеуметтік желідегі жазбасында жаттығу барысындағы сезімін жариялады.
Көпшілікке белгілі чемпион Ангелина Лукас Instagram желісінде жаттығу кезінде түсірілген фотолар топтамасын жариялап, жеке әсерін жеткізді:
“Бүкіл жаттығу бойы ойымда бір ғана нәрсе болды – салқын әрі дәмді окрошка. Бүгін сол арманым орындалды. Салмақ қадағалаушылар мені түсінеді. Жекпе-жек алдындағы күндері тамақ – ең басты арманға айналады”, – деп жазды спортшы.
Ангелина Лукас қазіргі таңда IBO, WBF, WIBF және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Ол Алматыда, өз туған қаласында өтетін чилилік Даниэла Асенхоға қарсы титулдық кездесуге дайындалып жатыр.
Азық-түлік туралы армандар Назым Қызайбайға да тән. Түркияда жаттығу жасап жүрген үш дүркін әлем чемпионы аспаздық фотосуреттерін көрсетіп, гастрономиялық шектеулерге дейінгі еркін уақытты пайдаланып жүр.
“Аз уақыт қалды. Жақында шектеулер басталады”, – дегенді аңғартады спортшы жариялаған суреттерден.