Жуырда ол балаларға алимент төлеу мәселесі туралы алғаш рет ашық мәлімдеме жасады.
Бокстан жартылай ауыр салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, экс-жұбайымен қарым-қатынасы және балаларға алимент төлеу мәселесі туралы ашық пікір айтты.
Instagram желісіндегі жеке парақшасында Екатерина Бивол оқырмандардың: «Дмитриймен байланыс бар ма?» деген сұрағына келесідей жауап берді:
«Қарым-қатынас жоқ деп айта алмаймын. Байланыс бар десе де болады.»
Жауап нақты болмаса да, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында диалогтың әлі де сақталғанын аңғартады.
Балаларға алимент мәселесі де желі қолданушыларын қызықтырған тақырыптардың бірі болды. Екатерина бұл сұраққа қысқа, бірақ мағыналы жауап қайырды:
«Күресіп жатырмыз!»
Яғни, мәселе толық шешімін таппаған және бұл бағытта нақты әрекеттер жалғасып жатқанын білдіреді.
Биволдар отбасы 16 жыл отасқан, екі ұлы бар: Мирон және Никон
Ерлі-зайыптылар 2023 жылдың маусымында ресми түрде ажырасқан
Дмитрий Бивол — жартылай ауыр салмақтағы WBA Super чемпионы, әлемге әйгілі кәсіпқой боксшы.