Қазақстандық атақты ауыр атлет, бірнеше дүркін әлем чемпионы Илья Ильин туған күнін ерекше форматта атап өтпек. 24 мамыр күні 37 жасқа толатын спортшы бұл күнді жүгірумен, жаттығумен және жылы кездесумен өткізуге шақырды.
Спортшы Instagram парақшасында Ilyin Team командасымен бірге өткізген таңғы жүгіруден бейнежазба жариялады. Олар:
Жүгірушілер арасында бала арбасын итеріп жүгірген жас ана да болды. Ол жол үстінде:
“Біз сылтау іздемейміз — балаларымызға өзіміз үлгі боламыз”, – деді.
Илья Ильин өз жазбасында 24 мамыр сенбі күні арнайы ұйымдастырылатын "ерекше жүгіру" шарасына кез келген адам қатыса алатынын жеткізді:
“Достар, 37 жасқа толуымды бірге атап өтейік! Жай мереке емес — жүгірумен, жақсы көңіл-күймен, денсаулықпен басталатын күн болсын. Кейін бір жерге жиналып, әңгімелесіп, демалып та аламыз”, – деді спортшы.