Қайрат Нұртастың қызы мектепті үздік бітірді — отбасы қуанышты бөлісті (ФОТО, ВИДЕО)
Қайрат Нұртастың үлкен қызы Сезім мектепті "қызыл аттестатпен" аяқтап, отбасы үшін үлкен қуаныш сыйлады. Бұл туралы әншінің әкесі Нұртас Айдарбеков Instagram желісінде жариялады.
Сезім – үздік түлек
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың тұңғыш қызы Сезім 11-сыныпты үздік аяқтады. Оның жетістігін бірінші болып жария еткен атасы Нұртас Айдарбеков:
“Бүгін атасының қызы Сезім Нұртас қызыл аттестатпен мектеп бітірді. Алла бақ берсін!”, – деп жазды ол өз парақшасында.
Постпен бірге ол немересімен түскен естелік фотосуретті де жариялады.
Жұлдыз Әбдукәрімова: “Сенің әр қадамың — менің дамуыма серпін болды”
Сезімнің соңғы қоңырау сәтінен видеоны анасы Жұлдыз Әбдукәрімова өзінің парақшасында көрсетті. Ол қызын тебіреніспен құттықтап, жүрекжарды лебізін жазды:
“Сен 11-сыныпқа көшкеннен бастап, менің жүрегім толқумен өмір сүрді. Ашық айтамын — бәріне уайымдадым, өйткені мен — анасымын. Бірақ мен саған сендім, қызым. Мен өзім де сенің жанында бірге өсіп, бірге дамыдым. Сіздерге сәтті сапар тілеймін, сүйікті түлектер!”, – деп жазды Жұлдыз.