Димаш Құдайбергеннің анасы жанкүйерлерге мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
26.05.2025, 10:25

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы, белгілі өнер иесі Светлана Айтбаева ұлының туған күніне байланысты құттықтаулар мен қолдау сөздері үшін жанкүйерлерге алғыс білдірді.

instagram.com/sveta_aitbaeva73

Димаш 31 жасқа толды – әлем жанкүйерлерінен мыңдаған құттықтау

24 мамыр күні Димаш Құдайберген 31 жасқа толды. Әншінің туған күніне орай әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер ыстық лебіздерін жаудырып, жүрекжарды тілектерін жолдады.

Желі қолданушылары әлеуметтік желілерде:

  • "Туған күніңмен, әлемнің ең үздік әртісі!"
  • "Біздің қымбатты қазақ баламыз, әлемдегі жалғыз асыл қазынамыз! Біз сені шексіз жақсы көреміз!"
  • "Сені көру – бақыт, сені есту – нығмет, ал концертіңе бару – әрбір жанкүйер үшін орындалмас арман!" – деген сынды пікірлер қалдыруда.

Светлана Айтбаева: "Сіздердің дұғаларыңыз бен махаббаттарыңыз ұлымды қорғайды"

Димаштың анасы, әнші Светлана Айтбаева әлеуметтік желіде жазба жариялап, барша тілектес қауымға алғысын жеткізді:

"Жарқыраған Дикомды құттықтаған әрбір жанға алғысым шексіз. Сіздердің ниеттеріңіз бен дұғаларыңыз қай жерде жүрсе де, оны қорғайтынына сенемін. Алла разы болсын, ұрпақ қуанышына бөлеп, бақытты ғұмыр нәсіп етсін!" – деді ол.

Сонымен қатар Айтбаева Dears қауымдастығына ерекше ризашылығын білдірді:

"Елге, отбасымызға деген құрметтеріңіз, Димашқа деген махаббаттарыңыз үшін мың алғыс!" – деп жазып Димашпен бірге түскен суретін көрсетті. 

Алматыда жанкүйерлермен фан-кездесу өтеді

26 мамырда Алматы қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерімен фан-кездесуі өтеді. Бұл шараға әлемнің 40 елінен келген Dears жанкүйерлері қатысады деп жоспарланған.