Жәния Джуринскаяның ашық көйлегі желіде қызу пікірталас тудырды (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
26.05.2025, 15:15

Қазақстандық актриса, "Қазақша розыгрыш" фильмі арқылы танылған Жәния Джуринская әлеуметтік желіде ерекше фотосуреттерімен жұрт назарын аударды. Актрисаның батыл образы жанкүйерлерді тамсандырса, кей желі қолданушыларын ашуландырды.

ulysmedia.kz

Қара көйлек пен жарқын образ 

Желіде тараған суреттерде Жәния қара түсті, жылтыр әрі ұзын көйлекпен көрінді. Киімнің терең ойындысы мен бел тұсындағы ашық бөліктері оның батыл стилін айқын көрсеткен.

Актрисаның үйлесімді мүсіні мен сәнді образы көпшіліктің назарын бірден аударды. Ол суреттің астына:

“Бала босанған соң бір жыл өтсін, сосын қайта жарқыраймын”, — деп жазды.

Желі қолданушыларының түрлі реакциясы

Көптеген жанкүйерлер Жәнияның образын жылы қабылдады:

  • “Керемет үйлесім”,
  • “Шикарная”,
  • “Көзімді ала алмай қалдым»,
  • “Бұл образ Tropicana!”,
  • “Қайдан алуға болады мұндай көйлек?”,
  • “Сіз тура Анджелина Джолиге ұқсайсыз” – деген пікірлер желіні жаулап алды.

“Ұят” іздегендер де табылды

Дегенмен, батыл образ бәріне бірдей ұнай қойған жоқ. Кейбір қолданушылар бұл суреттерді сынға алып, “уятмендік” көзқарасын білдірді:

  • “Жартылай жалаңаш суретке түспе”,
  • “Ұят қайда? Кеуде ашық, не болып барамыз?”,
  • “Бұлай киіну – шектен шығу” – деген сынды пікірлер де жазылды.