Продюсердің отбасылық жаңалығы: Алиса мен Алма көпшілікке алғаш рет көрсетілді.
Қазақстандық шоу-бизнес өкілі, танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің кенже қыздары Алиса мен Алманың жүзін алғаш рет жариялап, желі қолданушыларын таңғалдырды. Ол бұл суретті Instagram парақшасында 1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай жариялады.
"Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Сіздерге кіші қыздарымыз Алиса мен Алманы таныстырғым келді", — деп жазды Баян пост астына.
Баян Алагөзованың бұл жазбасы бірден Қазнетте қызу талқылауға түсті. Комментарийлер бөлімінде қолданушылар қыздардың сырт келбеті, ұқсастығы мен сұлулығына байланысты ойларын жазды.
Желі қолданушыларынан үзінділер:
Айта кету керек, Баян Алагөзова осыған дейін өзінің балаларының жүзін көпшілікке көрсетпей, жеке өмірін құпия ұстауды жөн көрген. Бұл жолғы пост — алғаш рет бүлдіршіндердің жүзін анық көрсеткен сәт.
Баян Алагөзованың үшінші және төртінші қыздары 2023 жылдың тамыз айында дүниеге келген. Бұл отбасы үшін үлкен қуаныш болған еді. Қазір балалар жайлы ақпарат сирек жарияланады.