Айым Сейітметова анасы Данагүлмен әсерлі фотосессия жасады (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
04.06.2025, 20:34

Қазақстандық танымал актриса Айым Сейітметова анасы, театр және кино жұлдызы Данагүл Темірсұлтановамен бірге жаңа фотосессия жасап, желі қолданушыларын тәнті етті.

instagram/@aiymsm

Махаббат пен мейірімге толы сәттер

Айым Instagram парақшасында түрлі ракурста түсірілген түрлі-түсті және қара-ақ түсті кадрларды жариялап, отбасылық жылулықты көрсетті.

Жарияланған жазбаға Айым мен Данагүлдің өнердегі әріптестері мен жанкүйерлері жаппай лүпілдер мен жылы пікірлер қалдырды.

Комментарийлерден үзінділер:

  • “Қазақтың ең сымбатты, көркем әрі харизмасы мол арулары!”
  • “Айым анасына айна-қатесіз ұқсайды!”
  • “20 жылдан кейін сіз бен Тамосяңыз дәл осылай түсетін боласыздар”
  • “Данагүл апайды бала күнімнен сүйіп қараймын, ерекше актриса. Телевизор алдында отбасымызбен бірге күліп отыратынбыз”

Ұрпақтар үндестігі – сахнада да, өмірде де

Данагүл Темірсұлтанова мен Айым Сейітметова – тек сахнада ғана емес, өмірде де нағыз жарасымды шығармашылық тандем. Екеуінің арасындағы мейірімділік пен бірлік көпшілікке үлгі болып отыр.