85 жастағы әже жыланды жалаң қолмен ұстап, елді тәнті етті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
04.06.2025, 17:34

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада 85 жастағы кейуана ауласында жүрген жыланды құйрығынан жалаң қолмен ұстап, пластик бөтелкеге салып жатқаны бейнеленген. Видеоны көрген жұрт желіде таңданысын жасыра алмай жатыр.

видеодан скриншот

”Күнге көлеңкелеп келеді екен” – батыр әженің сөзі ел есінде қалды

Жазба авторы Жамико Бегалықызы кейуана туралы былай деп жазған:

“Ұлы Отан соғысының батыры Қарсыбай Спатаевтың жалғыз қызы – нағыз ержүрек апамыз. Руы да, өзі де – БАТЫР”.

Бейнежазбада оның жанында жүрген немерелері бұл сәтке таңырқап қарап тұр. Әже болса еш қорықпастан жыланды жай ғана бөтелкеге салып жатыр.

Желі қолданушылары: “Апамыздың ерлігі – үлгі”

Бұл оқиға TikTok, Instagram және Facebook желілерінде қызу талқыланып жатыр.

Кей пікірлер:

  • “Қай жерде болған екен? Апамыз нағыз батыр ғой, құйрығынан ұстап алған!” – дейді қолданушы Сұңқар.
  • “Аман болсын! Мұндай ержүрек әжелер азайып бара жатыр”, – деп жазады Диас есімді желі қолданушы.
  • “Жыланды тірідей бөтелкеге салу дұрыс па? Обал ғой...” – деп алаңдаушылығын білдірген Балнұр Айтақуанова.