Миллионға апарар жол! Футзалшы спортты тастап OnlyFans-қа кетті (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
05.06.2025, 19:00

Бразилиялық футзалшы Марсела Суарес қаржылық қиындықтар салдарынан спорттан кетіп, OnlyFans арқылы табыс таба бастады. Бір айда тапқан табысы оның футболдағы жалақысынан жүз есе көп.

prosports.kz

Бұрынғы кәсіби футзалшы және Бразилияның «Пелотас» клубының ойыншысы болған Марсела Суарес спорттағы мансабына нүкте қойып, өмірін түбегейлі өзгертті. Жас спортшы қаржылық қиындықтарға байланысты ересектерге арналған OnlyFans платформасында табыс таба бастады.

“Футбол – менің мәңгілік махаббатым. Бірақ...”

21 жастағы Марсела өзінің командадан кету себебін былай түсіндірді:

«Мен мини-футболды жақсы көремін – бұл менің өмірім. Бірақ ойыннан тыс өмірімді бақылағысы келетін ортада қала алмаймын. Мен ешқашан клубқа құрметсіздік танытқан емеспін, керісінше, әрдайым нағыз спортшы болып қалдым. Бірақ маған балаларға жаман үлгі көрсетіп жатырсың деп айтты», – деді ол.

Фото: prosports.kz

Клубтың реакциясы – даулы шешім

Марсела Суарес OnlyFans платформасындағы белсенділігі үшін команда құрамынан шығарылған. Клуб басшылығы бұл әрекетті ұйым беделіне нұқсан келтіреді деп есептеген.

Фото: prosports.kz

50 мыңнан – 5 миллионға дейін

Спортis кезінде Суарес айына бар болғаны 550 реал (шамамен 50 000 теңге) табатын. Бұл жаттығуға қатысу шығынының өзін әрең жапқан. Ал OnlyFans-қа тіркелген алғашқы төрт апта ішінде ол 55 000 реал (шамамен 5 миллион теңге) табыс тапқан.

«Егер футболдан сондай табыс түссе, мен спортты ешқашан тастамас едім», – дейді ол.

Қазіргі таңда Марсела Суарестің Instagram парақшасында 255 мыңнан астам оқырман бар. Бұл да оның жаңа бағыттағы жетістігінің бір дәлелі болса керек.