Қайрат Нұртас Мәскеуде аншлагпен концерт өткізді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
07.06.2025, 15:00

Қазақстандық әнші ресейлік тыңдармандарын тәнті етті. 

instagram/@kair_n

Қазақ эстрадасының танымал орындаушысы Қайрат Нұртас Мәскеуде жеке концерт беріп, өнер сүйер қауымды ерекше атмосферамен қуантты. Әнші концерттен үзінді бейнероликті өзінің Instagram парақшасында жариялап, "Мәскеу, алғысым шексіз!" деп жазды.

Көрермендер әншімен бірге шырқап отырды

Жарияланған видеодан көрініп тұрғандай концерт залы көрермендерге лық толған. Қайраттың жанды дауыстағы әр әнін тыңдармандар бірге айтып, қолдау білдіріп отырды. Әншінің эмоционалды орындауы залды бір толқынға бөлеп, тыңдармандармен ерекше байланыс орнатты.

Желі қолданушылары өз лебіздерін білдіріп, жылы пікірлерін қалдырды:

  • "Бұл – нағыз шоу!" 
  • "Қайрат – халықтың сүйіктісі!" 
  • "Мәскеу сізді жүрекпен қарсы алды!" 

Жеке өмірдегі жағымды жаңалық

Концерт алдындағы жағымды жаңалықтардың бірі – Қайрат Нұртастың жары, актриса және тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші перзентіне аяғы ауыр екенін жария етті. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында бұл өзгерісті жақсылықтың бастауы ретінде қабылдайтынын жеткізген.