Сәкен Майғазиев анасының тілегін орындады: "Жүрегімді ауыртатыны — көз алдымда әлсіреп бара жатқаны" (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
11.06.2025, 07:49

Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлына үйлену тойын жасауының басты себебін айтты. Оның сөзінше, бұл шешімді қабылдауға анасының өтініші түрткі болған. 

aqmeshit-zhastary.kz

Ана аманаты

Сәкеннің айтуынша, екі ай бұрын анасы оған терең мазмұндағы сөздерін жеткізген:

"Көзіңмен көріп жүрсің, жасарғаным шамалы. Күн санап әлсіреп барамын. Енді мені көп күттірмей, Әділетті үйлендіріңдер. Бұл — менің аманатым", — деген екен.

Қарт ана кейін қалжыңдап:

"Өзім үйлен десем де, тойға қатыса алмасам ренжімеңдер", — деп әзілдеп қойған.

"Жаныма батады…"

Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында былай деп жазды:

"Анашым, сіздің жүректен шыққан ақ тілегіңізді Алла қабыл етсін. Жасы 89-да болса да, үнемі 94-темін деп айтып отырады. Қазір көз алдымда әлсіреп бара жатқаны жүрекке ауыр тиеді. Бір бөлмеден екінші бөлмеге әрең жетіп жүргенін көру — жаныңды ауыртады".

Әнші сондай-ақ, тойдан кейін ұлы мен келінін ауылға ертіп барып, ананың батасын алуды жоспарлап отырғанын айтты.

"Келініңіз шәй құйып береді. Алла сізге қуат берсін", — деп түйіндеді ол жазбасын.

Той ақылы трансляцияда өтеді

Айта кетейік, Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын ақылы онлайн трансляция арқылы көрсетуді шешкен. Тойды көру құны — 1380 теңге.

Желі қолданушылары бұл шешімді әртүрлі қабылдаған.