Ресейлік әншіге еліктеген Азамат Сатыбалды сынға ұшырады
Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойында эстрада жұлдыздары мен танымал тұлғалар күтпеген образдарда болды.
Сәкен Майғазиев ұлын ұзатты: тікелей эфирдегі той, 14 жүргізуші
Белгілі әнші, композитор және қоғам белсендісі Сәкен Майғазиев ұлы Әділет Майғазиевке дүркіретіп үйлену той жасады. Бұл қуанышты оқиға шоу-бизнес жұлдыздарының басын қосып қана қоймай, ел арасында қызу талқыланған тақырыпқа айналды.
Тойда бір мезетте 14 жүргізуші қатар жұмыс істеп, шара тікелей эфирде көпшілікке көрсетілді. Мұндай формат отандық шоу-бизнес тарихында сирек кездеседі.
Желіде қызу талқыға түскен образ: Азамат Сатыбалды неге назарда?
Той қонақтарының стилі де елдің назарынан тыс қалмады. Әсіресе актер Азамат Сатыбалдының жаңа образы желі қолданушыларын таңғалдырды.
- Шашын толық алып тастаған;
- Мойнына жуан алқа таққан;
- Киім үлгісімен де ерекше стиль көрсеткен.
Желі қолданушыларының реакциясы екіге бөлінді:
“Бұл шынымен Азамат па?”,
“Шураға ұқсап кеткен”,
“Былай жүру жараспайды, жары қайда қарады екен?”,
“Батысқа еліктеуді қашан қоямыз?” — деген пікірлер тарады.