Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Рэкетир 4» тизері ма? Аңызға айналған жұп желіні шулатты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
20.06.2025, 17:07

Олар қайта бірге! Қазақстандық көрерменнің есінде «Рэкетир» фильмі арқылы жатталған Әсел мен Саян — яғни актерлер Әсел Сағатова мен Саят Исембаев — жылдардан кейін бір видеода бас қосып, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі.

instagram.com/asselsagatova
Реклама
Реклама

Көпшілік сүйіп көрген кейіпкерлер қайта бас қосты

Қазақстандық танымал актерлер Саят Исембаев пен Әсел Сағатова, «Рэкетир» фильмінің үш бөлімінде де бірге ойнаған жұлдыздар, жанкүйерлерін ерекше видео арқылы қуантты. Бұл бейнеролик Instagram желісінде жарияланды және бірден әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.

Әсел мен Саяттың бірігіп түсірген видеосында олар сауда орталығында серуендеп жүріп, музыка ырғағымен би билеп, камераға күлімдеп қарайды. Бұл көрініс бұрынғы «Рэкетир» кезеңін еске салып, көрермендерге жылылық сыйлады.

«Тарихи кездесу. Сол баяғы Әсел мен Саян – жылдар өткен соң» деп жазылған бейнежазбада.

Көрермендердің пікірлері мен актерлердің қалжыңы

«Төртінші бөлімнің тизері ғой», – деп жазды Әсел Сағатова әзілмен.

Көп ұзамай бұл видео желі қолданушылары арасында кеңінен таралып, түрлі пікірлер айтылды:

  • «Құдды бір идеалды жұп секілді едіңдер. Саян, сен керемет едің!»
  • «Тағы бір фильмге түсіңдерші, басқа сюжетпен, жаңа кейіпкерлермен»
  • «Шай ішіп үлгердіңдер ме?»
  • «Керемет жұп!» – деп жазды жанкүйерлер.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары