34 миллион теңге! Олимпиада жүлдегері жаңа көлігін көрсетті (ФОТО)
21.06.2025, 19:32
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Instagram парақшасында Mercedes-Benz EQE 300 4Matic маркалы электр көлігімен түскен суретін жариялады.
NUR.KZ
2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионы жаңа көлігінің жанында түскен фотосын жариялады.
“Жаңа тұлпарым”, – деп жазды боксшы.
Мамандардың айтуынша, бұл электрмен жүретін көлік Қазақстан нарығында 34 миллион теңгеден басталады. EQE 300 4Matic — экологиялық қауіпсіз, үнсіз жүретін, әрі заманауи люкс класындағы үлгі.
Қазақстан боксының мақтанышы
Нұрбек Оралбай – соңғы жылдары халықаралық ареналарда жарқыраған қазақстандық боксшы. Оның негізгі жетістіктері:
- 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Париж)
- 2023 жылғы Әлем чемпионы (Ташкент)
- 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Амман)
Оралбай — тек рингте емес, күнделікті өмірде де жастарға үлгі боларлық тұлға.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама