Танымал әнші Instagram-да ашық пікір білдірді.
Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Алтынай Жорабаева шоу-бизнес өкілдеріне, нақтырақ айтқанда мобилографпен бірге жүретін өнер иелеріне сын айтты. Әншінің бұл жазбасы Instagram әлеуметтік желісінде жарияланып, көпшіліктің назарын аударды.
"Осы мобилографпен жүретін жандар! Қатты шектен шықпаңыздаршы, өтініш. Құран оқитын жер болсын, той болсын. Үнемі бірге жүреді... Жаман көрінеді", — деп жазды Жорабаева.
Әнші той мен қоғамдық іс-шараларға мобилографпен бару сәнге айналғанын айта келе, оның шектен тыс қолданылуы қоғамда кері әсер қалдыруы мүмкін екенін ескертті.
"Қонаққа барсаң тіпті амандасқаныңа дейін, сыйлық бергеніңе дейін түсіріп жүреді. Жаман көрінеді. Шын айтамын", — деді ол.
Оның айтуынша, көпшілік әлеуметтік желіде бәрін әдемі етіп көрсетуге тырысқанымен сырт көзге жасандылық анық байқалады.
Жорабаева өнер адамы ретінде контент түсіруге қарсы емес екенін, бірақ әр іс-шараны "на показ" жасау – эстетикалық және мәдени шеңберден шығып кеткен әрекет екенін ескертеді.
''Жарайды, жұмысыңызды, өнеріңізді жасаңыз. Тіпті арнайы блогерлердің іс-шарасы болса да мейлі. Бірақ шектен шықпаңыздаршы. Артық айтсам, кешірім сұраймын", — деп ойын түйіндеді ол.
Бұл жазба Instagram желісінде қызу талқыланып, пікір қалдырғандардың басым бөлігі Алтынай Жорабаеваның көзқарасымен келісті. Кейбір қолданушылар: