Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қайрат Нұртастың Жетісайдағы концертіне халық 9 сағат бұрын жиналды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
02.07.2025, 08:37

Танымал әнші Қайрат Нұртас Мақтаарал ауданының орталығы Жетісай қаласындағы концерті арқылы тағы да тыңдарман сүйіспеншілігін дәлелдеді. Халық таңнан бері жиналып, концертті кешке дейін күтті.

paryz.kz

Таңғы 11-де келген әжелер мен немерелер

Қайрат Нұртастың продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, Жетісай жұртшылығының ықыласына ризашылығын білдірді.

"Жетісайда елден біраз әңгіме есітіп, бір жағы қуансам, бір жағы уайымдап қалдым. Ауырып қалмаса болар еді деп… Үлкен апа, әжелер немерелерімен таңғы сағат 11-де келіп алыпты, Қайратты көреміз деп. Көбісі көрші ауылдардан келген. “Апа, Қайрат кешкі 8-де шығады, күн қатты ыстық, терлеп қалыпсыз” десе де, кетпей күтіпті. Алла жүрегі елжіреген аналарымызға ұзақ ғұмыр берсін!" – деп жазды ол.

6 мың көрермен – нағыз халықтық қолдау

Айдарбекованың айтуынша, концертті көруге 6 мыңнан астам адам жиналған. Олардың арасында сәбилер, жастар мен қарттар да болды. Бұл — Қайрат Нұртастың халықпен байланысының мықтылығын айқын көрсететін мысал.

"Аман болыңыздар, қуанта беріңіздер! Жетісай халқына алғысымыз шексіз! Алла қаласа, 7 шілде күні Астанадағы KN ән кешінде баршаңызды күтеміз!" – деді продюсер.

KN ән-кеші — елге арналған тарту

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Астанада өтетін ән кешінде де тыңдарманға көптеген тосынсый әзірленіп жатыр. KN брендін қолдайтын жанкүйерлер үшін бұл — ұмытылмас музыкалық кеш болмақ.