Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Әлемдік татамиді бағындырған Әбиба Әбужақынова диплом алды (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
02.07.2025, 05:43

Қазақстан әйелдер дзюдосындағы үздік балуандарының бірі — Әбиба Әбужақынова академиялық биік белесті бағындырды. Талантты спортшы заңгер мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірді.

instagram/@abiba48

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік түлегі

Әйгілі дзюдошы қыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін үздік дипломмен аяқтады. Бұл қуанышты жаңалықты ҚР Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желіде жариялады. 

"48 келі салмақтағы әлемнің үздік дзюдошыларының бірі, екі мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс иегері және 2025 жылы Аустрияның Линц қаласында өткен “Гран При” турнирінің жеңімпазы Әбиба Әбужақынова заңгер атанды! Батыр қызымызды шын жүректен құттықтаймыз!", — деп жазды халық қалаулысы.

Спорт пен білім — қатар жүретін жол

Әбиба Әбужақынова — қазақ спортында ғана емес, жастар арасында да үлгі боларлық тұлға. Спорттағы жетістіктерімен қатар, білім жолын да биік деңгейде игеріп, ел жастарына жаңа серпін беріп отыр.

Қос жеңіс — татамиде және өмірде

Спорттық мансабында сан мәрте жеңіс тұғырынан көрінген Әбиба енді құқық саласында да өзін дәлелдеуге дайын. Бұл оның жеке дамуы мен ел игілігіне қосар үлесінің жарқын мысалы.