Видео кадрынан көрініс тапқан тосынсый әлеуметтік желі қолданушыларын толқытты.
Астанадағы дәмханада жұмыс істейтін жас даяшыға белгісіз келуші қомақты 1 000 000 теңге шайпұл қалдырды. Шотты төлеген соң тағам санына қарағанда әлдеқайда көп ақша көрген бойжеткен көз жасы мен қуанышын жасыра алмады.
“Эмоция сыйлағым келді. Жақсылық әрдайым өзіңе қайтып келеді”, – деп жазды жақсылық жасаған азамат, блогер Бақытбай Сабырбек.
Бір күн ішінде ролик TikTok пен Instagram-да мыңдаған лайк жинап, пікірталасқа өзек болды.
Шайпұл иесі кейін өз парақшасында алғысын жеткізді:
“Ақшаның бір бөлігін күнделікті қажеттілігіме жұмсадым, қалғанын шетел валютасына айырбастап, болашаққа жинақтадым. Бұл менің өмірімдегі ұмытылмас сыйлық болды”, – дейді ол.