Қазақстандық ММА жұлдызы Қуат Хамитов болашақ жарының суретін көрсетіп жанкүйерлерін таңғалдырды.
Қуат Хамитов Instagram парақшасында бұрын-соңды болмаған тосын жаңалығын жариялады. Жекпе-жек аренасында мызғымас мінезімен танылған спортшы бұл жолы мүлде басқа қырынан көрінді. Ол жасанды интеллект көмегімен болашақтағы өз отбасы бейнелеген ерекше фотосуретті көрсетті.
"Менің отбасылық қартайған шағымды ИИ осылайша елестетеді", — деп жазды Хамитов.
Суретте Қуат қартайған шағында қасындағы нәзік жанмен бірге бейнеленген. Желі қолданушылары арасында бұл фотосурет бірден қызығушылық тудырып, пікірлер легі толастамады: "Бұл рас па?", "Үйленейін деп жүр ме?", "Жақсы жұп екен!" деген сынды мыңдаған реакция жиналды.
Қуат Хамитов — елдегі ең танымал, бірақ ең жұмбақ спортшылардың бірі. Қатаң жаттығу мен ареналарда өткен жылдары оның жеке өмірін көлеңкеде қалдырғандай. Қазірге дейін бойдақ жүрсе де, ол талай рет жанкүйерлер арасында махаббат тақырыбында қызу талқылауларға түрткі болды. Оның волейболшы Сәбина Алтынбековамен болған әлеуметтік желідегі пікіралмасуы да біраз шу туғызғаны белгілі. Бірақ шынайы қарым-қатынас болды ма — ол жағы жұмбақ күйінде қалды.
Хамитов — тек октагонда емес, қоғамда да белсенді пікір білдіріп жүрген азамат. Ол бірнеше мәрте қазақстандық футболшыларды сынға алып, кей спорт түрлерін мемлекет қаржысынан босату қажет екенін ашық айтқан.