Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Өзбекше ән салған Сәкен Майғазиев жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
03.07.2025, 08:38

Қазақстандық белгілі әнші Сәкен Майғазиев Өзбекстанда өзбекше ән айтып, жұртты ерекше әсерге бөледі.

turkystan.kz

"МузАрт" тобының мүшесі көрші елге досының қуанышына ортақтасу мақсатында арнайы барған. Шақырылған қонақтар қатарында болған Сәкен күтпеген жерден сахна төріне шығып, өзбек тіліндегі туындыны орындап шықты.

"Өзбекстанда досымыздың қуанышына куә болып қайттық. Кеш барысында өмірімде бірінші рет естіген әнді орындауға тура келді. Отабек бауырым: "Кел, бірге шырқайық!" – деді. Бір сәтке тосылып қалғаныммен, әннің әуенін іліп әкеттім. Бұйырса, келесі кездесуде бұл әнді жақсылап айтып беремін", – деп жазды әнші өзінің парақшасында.

Көпшілік әншінің өзбек тіліндегі шеберлігіне жоғары баға берді. Әлеуметтік желілерде тараған видеода Майғазиевтің дауыс мәнері мен шынайы эмоциясы көпті сүйсінткен.