Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Міне, осы – нағыз бақыт": Беркут әсерлі сәтті көрсетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
03.07.2025, 12:54

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Беркут (шын есімі — Айбек Жансейітов) өз өміріндегі ең үлкен қуаныштың бірін бөлісті. Жуырда төртінші рет әке атанған өнер иесі анасы, жұбайы және жаңа туған қызы бейнеленген жанды видеосын жариялады.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Үш буын — бір кадрда

Бейнежазбада Беркуттың жанындағы үш әйел — оның анасы Айша Көпжасарова, жұбайы Аиша және нәрестесі Латифа көрініс тапқан. Бұл сәтті әнші “Менің бақытым” деп сипаттап, ерекше эмоциямен бөлісті.

“Аллаға шүкір. Анам қасымда — Айша Көпжасарова. Кішкентай қызым — Латифа”, — деп жазды Беркут өзінің парақшасына.

Сонымен қатар ол #Беркут_Аиша хештегін қалдырып, жүрек пен көз тимесін бейнелейтін смайликтерді де қосқан.

Нәресте “қырқынан шыққан”

Жаңа туған сәби қырқынан шығарылған, бұл — қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Осы рәсімнен кейін Беркуттың отбасылық суреті жұрт назарына ұсынылып, әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Желі қолданушылары жылы тілектерін жаудырып жатыр:

  • “Аиша — нағыз келін! Кейбіреулер ене мен атамен тұрмаймын дейді ғой…”
  • “Бақыт деген осы шығар. Анаңыз бен балаңызға амандық тілейміз!”
  • “Сіздерді жақсы көреміз! Отбасыңызға шаттық тілейміз!”
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары