Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Күйеу жігіт кім? "Брат или брак" жұлдызы тұрмысқа шықты (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
04.07.2025, 17:21

Қазақстандық танымал актриса әрі продюсер, "Брат или брак" франшизасының басты жұлдыздарының бірі — Құралай Анарбекова ресми түрде қалыңдық атанды.

Фото: Kuralay Anarbekova/Instagram

Бұл туралы оның құрбысы, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында хабарлады.

“Бақыт өз уақытымен келеді — ол үшін ерте немесе кеш деген жоқ. Менің құрбым Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Сенің таңдаған адамың кең пейілді, шын жүректі жан екеніне сенемін. Бір-бірін ұзақ іздеп тапқан қос ғашыққа мәңгілік махаббат тілеймін”, — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Ол желіде Құралайдың қалыңдық көйлегімен түскен суретімен де бөлісті.

Әлеуметтік желіде – құттықтау толқыны

Құралай Анарбекованың бұл қуанышты жаңалығы желі қолданушылары арасында жылы қабылданып, түрлі пікірлер мен лебіздер жазылды:

“Біздің сұлуымыз шын бақытты болсын”,
“Жігіттің кім екенін енді қанша күтеміз екен”,
“Өзі сондай көрікті, әрі мықты актриса”,
“Жастарға бақыт тілейміз!” — деп жазды желі қолданушылары.

Актрисаның өзі ұсыныс жайлы желіде бөлісті

Бірнеше күн бұрын Құралай Анарбекова Instagram желісінде сақинаны көрсеткен бейнежазбасын жариялаған.
Онда актриса: “Мұндай ұсынысқа не деуге болады?” — деп жазып қалдырған.

Көпшілік оның сол бейне арқылы құпия түрде ұсынысты қабылдағанын болжаған. Енді міне, жауабы анық: актриса қалыңдық атанды.

Бұрынғы сұхбаттарында не айтқан еді?

Құралай Анарбекова бұған дейінгі сұхбаттарында қоғамдағы әйелге деген талап пен стереотиптер жайлы өз ойымен бөліскен:

“Әйел болу – тек отбасын құру емес. Бұл – таңдау, өз жолыңды табу, өзіңе адал болу”, — деген болатын актриса бір сұхбатында.

36 жастағы актриса ұзақ уақыт бойы отандық шоу-бизнестегі "сұранысқа ие бойжеткендер" қатарында аталып келген болатын. Енді ол жаңа өмірге қадам басып отыр.