Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстанға Париж Олимпиадасының алғашқы медалін сыйлаған спортшы көлігін көрсетті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
04.07.2025, 18:00

Александра Ле әлеуметтік желіде жаңа көлігімен бөлісіп, жұрт назарын аудартты — спортшы бұған дейін сыйға алған Zeekr көлігін Volkswagen Touareg-ке айырбастап жіберген. 

olympic.kz

2024 жылғы Париж Олимпиадасында Қазақстанға алғашқы медальді сыйлаған мерген Александра Ле әлеуметтік желіде жаңа көлігімен видео жариялап, ел назарына ілікті. Ол Volkswagen Touareg көлігін тізгіндеп, қуанышын бөлісті.

Бірақ қолданушылар бірден сұрақ жаудырды: “Олимпиадада алған Zeekr қайда?”

Бұл сауалға жауапты Tengri Sport тілшісі анықтап көрді. Александраның айтуынша, әкімдік сыйлаған Zeekr көлігін жарнама арқылы қазіргі Volkswagen Touareg-ке айырбастап жіберген.

“Маған бұл көлікпен жүрген ыңғайлы. Табиғатқа шыққанда немесе үлкен чемодандарды тасымалдау үшін кең көлік тиімді”, – деді ол.

Volkswagen Touareg-тің жаңа үлгісінің нарықтағы бағасы шамамен 13 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Еске салайық, 21 жастағы Александра Ле Париждегі Олимпиадада Ислам Сатпаевпен бірге пневматикалық винтовкадан 10 метрге ату (микст) сайысында қола медаль жеңіп алған. Бұл – Қазақстан құрамасы үшін байрақты бәсекедегі алғашқы жүлде болған еді.