Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Үлкейген сайын ақылы кірмей жатыр": Меруерт Түсіпбаеваның мәлімдемесі желіде дау тудырды

Редактор Penalty.kz
06.07.2025, 06:28

Қазақстандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева тағы да әлеуметтік желіде қызу талқылауға түсті. Бұл жолы өнер иесі өзінің мемлекеттік марапатын алға тартып, еркін пікір айту құқығын қорғады. 

NUR.KZ

"Мен халыққа еңбек сіңірдім" 

Әншінің айтуынша, ол – мемлекетке еңбек сіңірген қайраткер, бұл мәртебені Қазақстан Президентінің өзі бекіткен.

"Мен өз пікірімді білдіруге толық құқылымын. Әр адамның жеке көзқарасы болуы керек. Мемлекетке сіңірген еңбегім елеулі. Бұл атақты маған еліміздің Президенті өзі қол қойып берді. Бұл марапат “халық әртісі” атағына пара-пар", – деді ол бейнеүндеуінде.

Желі қолданушылары наразылық білдірді

Меруерттің бұл пікірі бірқатар оқырманның ашуын туғызды. Әлеуметтік желіде оған қатысты түрлі пікірлер жазылды:

  • "Мемлекетке қандай еңбек сіңірдің?" 
  • "Сіздің мәртебеңіз болғанымен сөзіңіз дұрыс емес" 
  • "Үлкейген сайын ақылы азайып бара ма?" 
  • "Әркімге тиісу қайраткерге лайық емес" 
  • "Атақпен мақтану — мәдениетсіздік" 

Желіде кейбір қолданушылар оны Баян Алагөзовамен қақтығысқа түскенін меңзеп, тіпті қоянға теңеген сәттерін де мысқылмен еске алды.