Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қуат Хамитов: "Болашақ жарымды хиджабтағы арулар арасынан көргім келеді"

Редактор Penalty.kz
06.07.2025, 11:36

Қазақстандық танымал файтер Қуат "Найман" Хамитов өзінің жеке өмірі мен өмірлік ұстанымдары жайында Instagram парақшасында ашық пікір білдірді.

turkystan.kz
Реклама
Реклама

"Үйлену туралы жиі ойланамын" 

Қазақтың белгілі спортшысы соңғы уақытта шаңырақ көтеру мәселесіне ерекше назар аударып жүргенін айтып өтті. Әлеуметтік желідегі жазбасында ол болашақ жарын орамал таққан арулардың арасынан көргісі келетінін жасырмады.

"Соңғы уақытта үйлену туралы ойлап жүрмін. Үміт хиджабтағы аруларда. Ондай орамалды қыздарды бұрыннан ұнатып келемін", – деп жазды Хамитов.

"Темекі де, ішімдік те, балағат сөз де – менікі емес" 

Қуат Хамитов тек жеке өмірі емес, сонымен бірге өзінің өмір салты мен құндылықтары туралы да ой қозғады. Спортшының айтуынша, ол зиянды әдеттерден аулақ және бар жетістігіне таза еңбектің арқасында жеткен.

"Алкоголь, темекі, насыбай, кальян дегенді аузыма алып көрген емеспін. Ешқашан әйелге қол көтеріп, балағаттаған емеспін. Дипломымды өз еңбегіммен алдым. Оқу оқып жүріп те жұмыс істедім, спортпен де шұғылдандым. Қазіргі жетістігім – маңдай терімнің арқасы. 40-қа жуық кәсіби жекпе-жек өткіздім", – деді ол.

Желі қолданушылары қалай қабылдады?

Қуат Хамитовтың бұл жазбасы әлеуметтік желіде кең таралып, желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер тудырды. Бірі оны қолдаса, енді бірі сыни көзқарастарын білдірді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары