Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Өнерден кетпедім": Төреғали Төреәлі шын жүректен сыр ақтарды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
06.07.2025, 13:00

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желі арқылы жан сырын ақтарып, өнердегі жаңа кезеңінің басталғанын мәлімдеді.

alash.kz
Реклама
Реклама

"Ішкі адамымды қайта іздеп жүрмін..." 

Әнші өзінің Instagram парақшасында жазған жолдарымен елді ойландырып қойды. Ол өмір жолында қателік жасағанын мойындап, жаңа өмірге қадам басуға ниетті екенін өлең жолдары арқылы жеткізді.

"Бір кездері мен де адастым. Біреуді ренжіттім, үмітті ақтамадым. Сол үшін кешірім сұраймын. Бірақ жүрек тірі, сенім сөнген жоқ. Ішкі адамымды қайта тапқым келеді", – деп жазды ол.

Астана – жаңа өмірдің бастауы

Төреғали Төреәлі отбасымен бірге Астанаға қоныс аударғанын хабарлап, бұл өзгеріс оның шығармашылығы мен жеке өміріндегі жаңа парақ екенін атап өтті.

"Жаңа қала. Жаңа өмір. Жаңа команда. Бәрі нөлден басталып жатқандай. Өнерден кеткен жоқпын – өнер менің өмірім", – дейді әнші.

Ол бұрынғыдан өзгеріп, халыққа шынайы бейнесін көрсетуге дайын екенін жеткізді.

"Маған сенетіндерге алғысым шексіз" 

Әнші өзіне сеніп, қолдау білдіретін жандарға ризашылығын білдіріп, күмәнмен қараушыларға да түсіністікпен қарайтынын жеткізді.

"Мен енді бұрынғы Төреғали емеспін. Мен — шынайы, өмірге қайта оралған Төре ұлдарыңызбын", – деп түйіндеді ол.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары