Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Тағы сәби сүймеймін" – Ерке Есмахан жан сырын ақтарды (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
06.07.2025, 17:57

Қазақ эстрадасының жұлдызы Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі жағдайын бөлісіп, тағы да сәби сүюді жоспарламайтынын ашық айтты.

Instagram/@erke_esmahan
Реклама
Реклама

Жаңа туған сәби, аналық өмір және жеке шешім

Белгілі әнші Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында өмірінің қазіргі кезеңі туралы шынайы пікірін білдірді. Ол жақында үшінші ұлын дүниеге әкеліп, босанғанына жиырма күннен асқанын хабарлады.

"Босанғаныма 20 күн өтті. Тағы біраз шыдасам, серуендеуді бастаймын деген жоспарым бар. Бірақ үйде де қарап отырған жоқпын: күнде массаж қабылдаймын, ағылшын тілі сабағына қатысамын, сериал көремін. Үйдегілер әр жақта жүр, ал кішкентайымыз менің жанымда", — деп жазды Ерке.

Қыз бала туралы пікір: "Бұл тақырып жабық"

Желідегі оқырмандарының бірі әншіге: "Бір қыз туып алсаңыз ғой, өзіңізге ұқсас" деген тілек білдірген. Алайда Ерке бұған нақты әрі нық жауап қайырды:

"Мен қыз бала тууды жоспарламаймын. Осы шешімімді қабылдаңыздар. Үш ұлым үшін Аллаға сансыз шүкір етемін", — деді ол.

Жанкүйерлер реакциясы

Көпшілік Еркенің ашықтығын жоғары бағалап, оған жылы лебіздерін білдіруде. Әсіресе аналық міндет пен өнер жолын қатар алып жүргеніне құрмет білдірушілер көп.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары