Қазақстандық танымал әнші, продюсер Айқын Төлепберген әлеуметтік желіде өз отбасындағы ерекше жаңалықты жария етті. Ол жұбайы Жұлдыз Өмірғалидің тағы бір сәби күтіп отырғанын қуана жеткізді.
Өнер иесі Instagram парақшасында келесідей жазба қалдырды:
"Жаным, Жұлдыз. Мен тағы да әке болғалы жатырмын. Егер бәрі сәтті өтсе, бесінші перзентіміз дүниеге келеді. Таңғы ұйқыны ұмытып, сәбидің иісімен мас боламыз. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Осы шаттық баршаңызға жұғысты болсын. P.S. Айтпақшы, көпбалалы әке ретінде мемлекеттен қандай жеңілдіктер қарастырылған? Жолақы, жәрдемақы секілді", – деп жазды Айқын.
Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен тарап, жанкүйерлер әншіні құттықтап, жылы тілектерін жаудырды.
Айта кетсек, Айқын Төлепберген алғашқы некесін Әсел есімді азаматшамен құрған. Алайда 2018 жылы олардың отбасылық өмірі аяқталған. Кейін әнші Жұлдыз Өмірғалимен шаңырақ көтеріп, бүгінде екеуінің ортақ балалары бар.
Айқынның жазбасында айтылғандай, көпбалалы әкелер мен аналар үшін бірқатар мемлекеттік жеңілдіктер қарастырылған. Соның ішінде:
Осыған орай Айқынның көтерген мәселесі – қоғамда өзекті әрі көпшілікті толғандыратын тақырып.