Бокстан Астанадағы әлем кубогындағы Геннадий Головкинның әрекеті спорт әлемінде қызу талқылануда. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, атақты кәсіпқой боксшы GGG IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) логотипі бар қолғапқа қолтаңба қоюдан үзілді-кесілді бас тартты.
Бұл жағдай кездейсоқ емес. Головкин қазір World Boxing ұйымының атқарушы комиссиясын басқарады. Дәл осы ұйым Астанада өткен әлем кубогын ұйымдастырушы болып табылады. Ал World Boxing пен IBA арасында ұзақ жылдан бері бақталастық бар. Екі ұйым Олимпиада жолдамасына таласатын боксшылар үшін параллель жарыстар ұйымдастырып жүр.
World Boxing – қазіргі таңда Халықаралық Олимпиада комитеті (IOC) мойындаған жалғыз ұйым. Бұл ұйым арқылы спортшылар Олимпиадаға жолдама ала алады. Ал IBA ұйымы бұрынғы беделінен айрылып, IOC-нің қолдауынан шеттетілген.
Головкиннің бұл әрекеті бір жағынан саяси және этикалық ұстанымның айқын көрінісі ретінде бағалануда. Ол өзінің позициясын ашық көрсетіп, бокс әлеміндегі әділеттілік пен ашықтықты қолдайтынын білдірді.
Бұл оқиға қазақстандық бокс жанкүйерлері мен спорт сарапшылары арасында түрлі пікір туғызды. Көпшілігі GGG-нің ұстанымын қолдаса, енді бір бөлігі бұл әрекетті спорттан тыс саяси қадам ретінде қабылдады.