Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі кейбір қолданушылардың сыртқы келбетіне байланысты жазған пікірлеріне жауап қайтарды.
Желіде актрисаның фотосуреттеріне түрлі пікір жазылған. Оқырмандардың кейбірі оның келбетіне алаңдаушылық білдіріп, денсаулығына қатысты сұрақтар қойды:
Актриса бұл пікірлерге бейжай қалмай, өзінің парақшасында былай деп жазды:
“Өзіңді мазалап жүрген ішкі күйіңді өзгеден көріп, сыртқа проекциялау – бұл сенің мәселең. Мұндай жағдайда адам өз ішіне үңіліп, ішкі дағдарысын мойындауы тиіс.
Біреуге пікір айтқанда, оның өзіңе де қатысты болуы мүмкін екенін, жазғаныңды өзің де оқитыныңды ұмытпа!
Егер шын алаңдаушылықпен жазып жатсаңыз – бекер уайымдамаңыз. Маған айтылған бұл сөздердің ешқайсысы өзіме қатысы жоқ!”