RaiM-ның бұрынғы сүйіктісі ұзатылды (ФОТО)
14.07.2025, 18:09
Танымал әнші RaiM-ның бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанова тұрмысқа шыққанын өзінің Instagram парақшасы арқылы жариялады. Ол “Ұядан ұшқан күн” деген жазбамен ақ көйлегіндегі суретін бөлісіп, елдің ерекше назарын аударды.
instagram/@nargiizaaa
Желі қолданушылары жылы лебіздерін білдірді
Наргизаның ұзатылуы туралы жаңалық желіде кең таралып, желі қолданушылары жас келінге ақ тілектерін жаудырды:
- “Бағыңыз ашылсын”,
- “Нәзік те сұлу жан, тек бақытты болыңыз”,
- “Мәңгілік махаббат тілейміз”,
- “Бағың бес елі болсын, қызым” — деп жазды пікір білдірушілер.
Көпшілік оның сұлулығы мен сымбатына тәнті болып, жаңа өмір жолына сәттілік тіледі.
Наргизаның таңдауы кімге түсті?
Бойжеткеннің таңдауы Жәнібек Ерболатұлы есімді алматылық кәсіпкерге түскен. Белгілі болғандай, ол осыған дейін отбасылы болған, алайда кейін ажырасып кеткенін ашық мойындаған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама