"Формула-1" жарысының жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахердің қызы – Джина Шумахер атты жарыста әлем чемпиондығын жеңіп алды.
Аса көрнекті спортшының үлкен қызы – Джина Шумахер-Бетке Ұлттық рейтингтік ат спорты қауымдастығы ұйымдастырған жарыста әлем чемпионы атанды. Ол Германия құрамасы сапында өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.
“Германия құрамасына “алтын” сыйладым. Елімді танытқаныма мақтанамын”, – деп жазды Джина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Джина 2023 жылы Иэн Бетке есімді азаматпен некелесіп, әлеуметтік желілерде жолдасының тегін қолдана бастады. БАҚ мәліметінше, той құпия түрде өткен, себебі отбасылық кеште Михаэль Шумахердің жағдайын сырт көзден қорғау басты мақсат болған.
Сол себепті, тойға келген барлық қонақ өз смартфондарын тапсыруға міндетті болған.
Атақты спортшы 2013 жылы Францияның Мерибель курортында шаңғы теуіп жүріп ауыр жарақат алған. Сол сәттен бастап ми жарақатын алып, бірнеше ай жасанды комада жатқан.
2014 жылдан бері Михаэль Шумахер көпшілік алдында мүлде көрінбейді. Соңғы мәліметтерді оның жақындары маусым айында таратқан:
“Мен Шумахерге өте жақын адаммен сөйлестім. Ол: “Енді біз Михаэль туралы ештеңе естімейміз” деді. Ол қолайлы ортада өмір сүріп жатыр, бірақ денсаулығына байланысты жағдай өте ауыр”, – деп жазады Daily Mail.
Михаэль Шумахер – автоспорт тарихындағы ең атақты және табысты пилоттардың бірі. Ол: