Криштиану Роналдудың сүйіктісі, танымал модель Джорджина Родригес Фатимадағы католик шіркеуіне барған сәттегі киімі үшін әлеуметтік желі қолданушыларынан сын естіді.
Джорджина қасиетті орын саналатын Фатимаға сапары барысында ақ түсті, қиғаш ойықтары бар көйлек пен басына кепка киіп барған. Осы стиль шіркеуге лайық емес деп танылды.
Пікірлер арасында мынадай сындар айтылған:
Көпшілік Джорджинаға діни орындарға барғанда қарапайым киіну керек екенін ескертуде.
Айта кетейік, Джорджина Родригес пен Криштиану Роналду әлі ресми түрде некеге тұрмаған. Бірақ жұп бүгінде бес баланы тәрбиелеп отыр.