Реклама
Реклама

Ләйлә Сұлтанқызы 30 жыл бұрын танысқан жігітке іздеу салды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
24.07.2025, 08:00

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікке ерекше жаңалығын айтты. Ол 30 жыл бұрын пойызда танысқан ер адамды табуға ниетті.

ulysmedia.kz

Жақында журналист Тәңірберген Бердоңғар Сұлтанқызына көне суретті тарту еткен. Бұл фото – 1990-жылдардың ортасында түсірілген, кадрда Ләйлә Сұлтанқызы мен белгісіз ер адам тұр.

"Шынымды айтсам, өзімнің 30 жыл бұрынғы бейнемді көремін деп ешқашан ойламаппын. Фотоны көрген сәттегі эмоциямды жасырмадым – таңғалу, сағыныш, толқу бәрі бар. Бұл сурет Тәңірбергенмен сұхбатымыз кезінде ортаға шықты. Әңгімеде махаббат, бала тәрбиесі, саясат және архивтегі ескі естеліктер қамтылды", – деді тележүргізуші.

Сурет қайда және қалай түсірілген?

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, бұл сурет Шымкенттен шыққан пойызда кездейсоқ түсірілген. Ол кезде Ләйлә радиода жұмыс істеп жүрді. Кадрда бейнеленген ер адам – бір сапардағы бейтаныс жолаушы. Арада жылдар өтсе де, сол адам есінде қалған. 

Реклама
Реклама