Реклама
Реклама

"Бұл — менің өмірлік махаббатым!" Сәбина Алтынбекова жанкүйерлерге шынайы сырын ашты (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі
24.07.2025, 19:27

Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова жаңа маусымға дайын екенін мәлімдеп, спорттағы шынайы сезімін айтты. 

instagram/@altynbekova_20

Алтынбекова: “Волейбол — мәңгілік махаббатым”

Өзінің Instagram парақшасында Сәбина волейболға деген ерекше ықыласын жеткізіп, Индонезия Про-лигасындағы жаңа маусымның басталуын асыға күтіп отырғанын жазды.

“Әр маусым аяқталған сайын, мен келесісін тағатсыздана күтемін. Бұл — өмірлік махаббатым. Волейболға рақмет, жарқын сәттер мен ұмытылмас эмоциялар сыйлағаның үшін. Жақында жаңа маусым басталады”, – деп жазды спортшы.

Индонезиядағы дебют және капитандық жауапкершілік

Сабина Алтынбекова 2024 жылдың қазан айында Индонезияның “Иога Фэлконс” клубымен келісімшартқа отырған. Биыл бұл команда елдің басты волейбол лигасына алғаш рет қатысады.

Айта кетейік, қазақстандық волейболшы клубтың капитаны саналады.

Реклама
Реклама