Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты сот үкімі шықты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
25.07.2025, 21:00

Бүгін Астанадағы Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлының ісіне нүкте қойылды.

azattyq-ruhy.kz
Реклама
Реклама

Сот ісінің мән-жайы

Іс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес қаралды. Бұл бап қоғамдық орында бейәдеп сөз айту және айналасындағыларға құрметсіздік таныту, яғни ұсақ бұзақылық әрекеттерін қамтиды.

Арызды Зәуреш Садыбекова есімді азамат берген. Ол Астанадан Алматыға бір рейспен ұшпақ болған. Әуежайда танымал әншіні көріп: “Мынау әнші емес пе?” деп таңданысын білдірген. Бұл сөз Жұбаныш Жексенұлына ұнамай, “Мен әнші емеспін, бишімін” деп сарказммен жауап берген. Кейін ол бейәдеп қылық көрсетіп, Садыбекованың телефонын қағып жіберген. Жәбірленуші полиция шақырып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Жәбірленушінің айыптауы

“Мен ешқандай дөрекілік көрсеткенім жоқ. Құрбыларымнан “Мына кісі әнші емес пе” деп сұрағаным үшін ол ашуланып, былапыт сөздер айтып, телефонымды қағып жіберді. Кейін бірінші қабатта да осындай қылықтарын жалғастырды. Барлығы видеоға түсірілді”, – дейді Зәуреш Садыбекова.

Әншінің мойындауы және өкініші

Сот барысында Жұбаныш Жексенұлы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Сондай-ақ ол оқиға алдында 100 грамм алкоголь ішкенін де жасырған жоқ.

Сот шешімі бойынша әнші 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары