Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Бір жылап алдым": Ерке Есмахан күйеуінің ерекше сыйлығын бөлісті

Редактор Penalty.kz
25.07.2025, 15:50

Қазақстанның танымал әншісі Ерке Есмахан жолдасының сыйлығы өзіне ерекше әсер еткенін айтты. Әнші екі жыл ішінде екі баланы дүниеге әкелудің оңай болмағанын айтып, жолдасының қамқорлығын жоғары бағалады.

instagram/@erke_esmahan
Реклама
Реклама

"Батырдың әкесі көңілімді көтерді"

Әншінің айтуынша, күйеуі оның аяғы ауыр кезде көңіл-күйін жақсарту үшін барын салған.
“Екі жылда екі рет босану оңай емес. Бұл жағдайды жақсы түсінген жұбайым аяғым ауыр кезімде көңіл-күйімді көтеру үшін түрлі сыйлықтар жасап жүрді. Соңғы айларда қатты қиналған кезімде сыйлыққа бөлеп тастады. Қырқынан шыққан соң тағы да сыйлық жасады. Кейбірін әлі ашқан жоқпын да, таққан да жоқпын. Баршаңызға байдың еркелеткен жары болуды тілеймін”, — деп жазды өнер иесі.

"Баға жетпес сый – ән"

Әнші өзінің ең үлкен қуанышы — күйеуінің оған арнап жазған әні екенін жасырмады.

“Жақында жолдасымның барлық сыйлығын ысырып қойдым. Өйткені ол мен үшін баға жетпес сый дайындады. Сахнаны қатты сағынғанымды сезіп, студияға шақырып, өзі шығарған әнді тыңдатты. Сол сәтте көз жасымды тыя алмадым, еңкілдеп, бір жылап алдым. Бұл — мен үшін ең қымбат сыйлық. Жақын арада сіздер де тыңдай аласыздар. Райм, мен сені сүйемін”, — деп жазды Ерке Есмахан.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары