Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Әйел үшін маңызды": 53 жастағы Дана Нұржігіт бокспен айналыса бастады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
25.07.2025, 14:30

Жан мен тән жарасын жазатын бұл спорт түрін ол психологиялық әрі физикалық сауығу жолы ретінде таңдаған.

NewTimes.kz
Реклама
Реклама

Белгілі тележүргізуші әрі қоғам қайраткері Дана Нұржігіт 50 жастан асқан шағында бокспен шұғылдануды бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, ал оның жаттығу сәтінен видео Instagram арқылы жарияланды.

Дана Нұржігіт – бокста

Бокс жаттығуларының видеосын фитнес-жаттықтырушы Динара Ақылжанова өзінің парақшасында жариялап, Дананың бұл қадамға не үшін барғанын жан-жақты түсіндірді.

«Дананың өмірі – нәзік жанның мықты бола білуінің нақты мысалы. Журналистикада, саясатта да, ана ретінде де өзіндік ұстанымы бар кемел адам. Жақынырақ араласа келе мен оның бойындағы әйелге тән нәзіктік пен ер азаматқа бергісіз батылдық пен тәуекелшілдігіне қайран қалдым. Сталкинг, ауыр сот процестері оның жаны мен тәніне ауыр соққы болған. Одан шығудың өзі уақыт пен саналы түрде жасалатын жұмысты қажет етеді. Психо-физикалық бағдарлама керек деп шешіп, Дана кезең кезеңімен соны орындап келе жатыр екен. Алдымен психотерапия, психосоматика, келесі қадам-физикалық жаттығулар.», – деп жазды жаттықтырушы.

Бокс пен психология: әйелдерге не үшін пайдалы?

Бокс тек физикалық емес, психологиялық тұрғыдан да маңызды:

«Бокс жаттығулары адамның психологиялық жағдайын жақсартады. Бұл рингте адам өзімен өзі жекпе-жекке шығады. Жанын жеген, тұншығып жатқан күйзеліс пен күдік, өкпе пен ашу, өкініш пен күйінішін осылайша жеңіп жаны жеңілдеп қалады. 

Ал денеге адреналин барып, дофомин-бақыт гормоны өмірге деген құлшынысын оятады. Буындар қатайып, майды бұлшық ет алмастыру процесі жүреді. Бұл әсіресе, 40+ жастағы әйел үшін маңызды.», – деп толықтырды жаттықтырушы.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары