Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сәбина Алтынбекова: "Бұл — Ауғанстан емес!"

Редактор Penalty.kz
01.08.2025, 01:55

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова Актөбе мешітінде әйелге қол сұғу дерегіне қатысты өз пікірін Instagram парақшасында білдіріп, қоғамда қызу талқы тудырған жағдайға эмоционалды үн қатты.

фото: ашық дереккөздерден алынған
Реклама
Реклама

Мешіттегі оқиға: не белгілі?

Актөбелік әйел мешіт ішінде белгісіз ер адамның тарапынан болған жыныстық сипаттағы қол сұғуға тап болғанын хабарлаған. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалды. 

Сәбина Алтынбекованың реакциясы

фото: сторис іnstagram.com/altynbekova_20

Сәбина Алтынбекова бұл оқиғаға Instagram Stories арқылы пікір білдірді:

«Қыздарды ренжіткен сайын жүрегім ауырады... Мен енді ештеңеге таң қалмаймын деп ойлағам. Бірақ кейбір "еркектер" тағы да түбіне жетті. Жабық киінген қызды айыптап, оның видеоға түсіріп, заңсыз әрекетті әшкерелеуін кінә етеді», — деп жазды ол.

Сәбина өз сөзінде әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін ақтауға жол беруге болмайтынын ерекше атап өтті. Ол қоғамның мұндай жағдайлардағы реакциясы, әсіресе діни моральмен бүркемелеу әрекетін сынға алды:

"Еркексымақтар" қорғаудың орнына, дінді бетперде етіп, насихат айтып, айыптаумен айналысады. Бетке айтарым: Бұл — Ауғанстан емес! Өздеріңді ақтаудан шаршамайсыңдар ма?! Ұят емес пе?!"

Әйелдерге үндеу: «Қарсы тұратын кез келді»

Спортшы сөз соңында әйелдер мен ерлерге жеке-жеке үндеу тастады:

«Қыздар, зорлық-зомбылық туралы айту — ұят емес. "Жоқ" деп ашық айтуға уақыт келді. Қарсы тұратын кез келді. Ал енді бәрін видеоға түсіріп, "есалаңның" әрекетін ақтаған ерлерге айтарым: ертең дәл осындай жағдайға сіздің әпкеңіз не қызыңыз тап болмайтынына кім кепіл?! Әйелдің ары — бүкіл ұлттың ары!»

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары