Қытайлық фитнес-инфлюенсер және рекордшы Лю Вэйцян Гиннестің рекордтар кітабына кезекті рет енді. Бұл жолы ол бір ғана саусағымен 144,72 килограмдық ауырлықты көтеріп, бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті.
Лю Вэйцян өз рекордын бір ғана ортаңғы саусағымен орнатты. Ол алдыңғы рекорд иесі, Аруба елінен шыққан Эгмонд Молинаның көрсеткішін (138,50 кг) басып озды. Бұл — физикалық мүмкіндіктің шегінен шығатын көрсеткіш.
Бұл Қытай спортшысы үшін алғашқы рекорд емес. Лю Вэйцян бұған дейін кемі сегіз рет әлемдік рекордтармен тіркелген. Оның жетістіктері мыналар:
Лю Вэйцян тек спортшы емес, сонымен қатар фитнес әлемінде миллиондаған жанкүйері бар инфлюенсер. Оның физикалық дайындық деңгейі мен ерік-жігері көптеген жас спортшыларға шабыт беруде.