Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Шапалақпен ұрып, ұшырып жіберді": Жандарбек Бұлғақов ұрлығы жайлы

Сарапшы, спорт журналисі
16.08.2025, 16:01

Жандарбек Бұлғақов бала күнінде базардан ойыншық ұрлап, әкесінің көз алдында масқара болғанын жеткізді.

SN.kz
Реклама
Реклама

Танымал айтыскер Жандарбек Бұлғақов бала күнінде базарда ұрлық жасап, әкесінен шапалақ жеген сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады. 

Балалық шақтағы қателік

Ақынның айтуынша, ол бала кезінде базардан жасыл түсті ойыншық сағатты көріп, қатты қызығып кеткен. Саудагер оны орнына қоюын сұраса да, Жандарбек тыңдамай алып қойған. Әкесі бұл жағдайды байқап қалып, сауда орнынан төменге түсіріп, шапалақпен ұрған.

"Әкем: «Сен өміріңді түрмеде өткізгің келіп жүр ме?!» деп қатты ашуланды. Сол сөз әлі күнге дейін есімнен кетпейді" – деді айтыскер.

Анасының ескертуі

Бұл оқиғадан кейін үйге оралғанда анасы да қатты ескерту жасаған.

"Кешегі жағдай ұмытылған шығар деп ойладым. Бірақ анам: «Жандарбек, сен шынымен сағат ұрлағансың ба?» деп сұрады. Әкемнің шапалағынан да қатты өтіп кетті. Сол сәтте бүкіл ел теледидардан көріп тұрғандай ұялып кеттім" – деп еске алды ақын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары