Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Джей Ло қиналып қалды". Айқын Төлепберген Садраддинді сыннан қорғады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
18.08.2025, 13:01

Алматыдағы Джей Ло концерті кезінде сынға іліккен Садраддинді Айқын Төлепберген қорғап, “стадионда жанды дауыста ән айту оңай емес, бұл – ұйымдастырушылардың кінәсі” деп мәлімдеді.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Алматыдағы Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің концертінде өнер көрсеткен Садраддин әлеуметтік желіде сынға іліккен еді. Көпшілік жас әншіні «жанды дауыста айта алмайды» деп айыптап, түрлі пікір білдірді.

Әлеуметтік желідегі сын

Концерттен кейін желі қолданушылары Садраддиннің өнерін:

«Стадионға бірінші рет шығып тұрған сияқты»,

«Фонограммамен айтып үйреніп қалған»,

«Жанды дауыста айта алмайды», – деп сынға алған.

Айқын Төлепбергеннің жауабы

Осы сынға байланысты сахнада 20 жылдан бері ән салып жүрген Айқын Төлепберген әріптесіне қолдау білдірді:

«Садраддинге тиісетіндерді түсінбеймін. Стадионда жанды дауыста айтқан соң түрлі жағдай болады. Біз де талай қиналдық. Джей Лоның өзі сол сахнада ән айтып қиналды, бірақ оны камераға түсірген жоқ. Шетелдік әншілер дауыстарын алдын ала жазып алады. Негізі, ұйымдастырушылардың кінәсі көбірек. Өйткені көрермендердің жасы 35-тен асқан. Олар Садрды баласымен жасты деп қабылдады. Ал оның тыңдарманы – жастар. Ол мықты әнші», – деді Айқын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары