Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Құны 50 млн теңге": Гүлзира Айдарбекованың көлігін көпбалалы ана ұтып алды

Сарапшы, спорт журналисі
18.08.2025, 15:46

Танымал продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы жуырда өзінің оқырмандары арасында ұтыс ойынын ұйымдастырған болатын. 

stan.kz
Реклама
Реклама

Танымал продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова оқырмандары арасында ұйымдастырған ұтыс ойыны көптің назарын аударды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ұтыс ойыны қалай өтті?

Продюсер өз брендінің сусабындарын сатып алғандар арасында лоторея ұйымдастырған. Нәтижесінде ол алтын, бриллиант әшекейлерін, тіпті жеке көйлектерін де ұтысқа тіккен. Ең басты сыйлық – құны 50 миллион теңге тұратын Lexus көлігі 7 баласы бар анаға бұйырды.

Айдарбекова ұтыстың әділ өткенін айтып, кейбір қатысушылардың наразылығына жауап берді:

“200 пайыз әділ өтті. 7 баласы бар мұқтаж жанға құны 50 миллион теңге тұратын Лексус көлігім бұйырды. Ұтпай қалған кісілерге айтарым – сіздер сусабын алдыңыздар. Тауар кері қайтарылмайды. Мен алдап қашып кететін адам емеспін”, – деді продюсер.

Желі қолданушыларының реакциясы

Әлеуметтік желіде пікірлер екіге жарылды. Бір бөлігі Айдарбекованың игі ісін қолдаса, екінші бөлігі ұйымдастырудағы олқылықтарға сын айтты.

  • “Басында төлем жасағандар ұтыссыз қалды”
  • “Ең қызығы, көлікті тауар сатып алмаған адам ұтып алды”
  • “Бес сағат экранға қарап отырдық, түк шықпады”
  • “Көліктен бұрын бриллиант ұтқым келген”

Еске салайық, бұған дейін Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың сахналық костюмін де ұтысқа тіккенін жариялаған еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары