Тулкин Киличев жан тебірентерлік сәтті әлеуметтік желіде жариялады. Ол Париж Олимпиадасында өмірін сақтап қалған дәрігер Робби Уильямске алғыс білдіріп, жүрекжарды жазбасын Instagram парақшасына жүктеді.
Киличевтің айтуынша, дәл осы маман оның денсаулығына дер кезінде көмек көрсетіп, өмірін аман алып қалған. Бас бапкер жазбасында:
"Бұл адамға өмірім үшін қарыздармын. Парижде мен үшін қиын сәттер болды. Дәрігер Робби Уильямс мені қайтадан аяққа тұрғызды", – деп жазды.
Париж Олимпиадасы Өзбекстан үшін тарихи жеңістермен есте қалды. Ерлер арасында 7 салмақ дәрежесінің 5-інде өзбектер алтын медаль иеленді. Бұл – ел тарихындағы ең ірі жетістік.
Ал Қазақстан құрамасы сол додада небәрі бір жүлде – Нұрбек Оралбайдың күміс медалімен шектелді. Бұл нәтиже жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырған болатын.