Украиналық әнші Светлана Лобода жақында Қазақстандағы өнер сапарынан алған әсерімен бөлісті. Орал қаласында өткен концертінде ол сахнада ерекше сыйлыққа ие болды.
Жанкүйерлердің бірі әншіге күшік сыйлады. Бұл сәт әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.
Концерттен кейін Лобода өзінің Instagram парақшасында Қазақстан жайлы жылы лебізін білдірді. Ол жанкүйерлердің ықыласы мен сыйлығын ерекше бағалап, жаңа «досымен» кездесуін ешқашан ұмытпайтынын айтты.
Әнші өз жазбасында былай деп бөлісті:
«Өнер адамының өмірі – шексіз сапар. Кейбір елдер ғажайып сәулетімен есте қалса, басқалары табиғаты немесе әмбебап дәмдер симбиозы баурап алады. Қазақстан – бұның бәрінен бөлек, ең алдымен таза энергия. Адамдары шынайы, мейірімді әрі қонақжай. Маған жандарыңызды, мәдениеттеріңізді және махаббаттарыңызды сыйлағандарыңыз үшін алғыс айтамын» – деді Лобода.
Лободаның жазбасы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қазақстандық тыңдармандардан жылы пікірлер жинады.